31 наурыз

Ақпаратқа сәйкес, жобаны іске асыруға Svevind Energy GmbH компаниясының германиялық тобы мүдделі. Атап айтқанда, оның акционері Вольфганг Кропппен онлайн-кездесу өтті – sknews.kz

"Svevind компаниясы Маңғыстау облысының аумағындағы жасыл энергетикаға теңіз суын тұщыландыру және сутегі өндіру арқылы ұзақ мерзімді инвестиция салуды ұсынады", - делінген хабарламада.

Жер телімдері баламалы электр энергиясын өндіру үшін резервтелген. Инвестор 22 млрд. еуро салады деп күтілуде. Жоба аясында тұзсыздандыру зауытын салу жоспарлануда. Оның қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метр суды құрайды. Сондай – ақ, жаңартылатын энергия көздері-жел, күн электр станциялары пайда болады. Жалпы қуаты-30 ГВт. Сондай-ақ, Еуропалық инвестор қуаттылығы жылына 2 млн тонна суды электролиздеу бойынша су технологиясын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

"Қазақстанда өндірілген жасыл сутегі, аммиак және басқа да экологиялық таза тауарлар болашақта Еуроодақ елдеріне және басқа да мемлекеттерге экспортталатын болады", - деп түйіндеді әкімдікте.