3 сәуір

Бүгін Қазақстанда геолог күні - пайдалы қазбаларды барлау және өндірумен айналысатын барлық мамандардың кәсіби мерекесі атап өтіледі.

Геолог мамандық қана емес, алдына қойған мақсаттары үшін кез келген қиындықтармен бетпе-бет келуден тайсалмайтын және оларды еңсеруге бар күшін жұмсай білетін жандардың ісі.

Бұл күні еліміздің барлық геологтарын: романтика шақырған жас мамандарды және көптеген жылын отбасынан алыс далалық экспедицияларда өткізген ардагерлерді, білімі кез келген жер қойнауын пайдаланушының қызметіне көмектесетін ғылыми қызметкерлерді құттықтағымыз келеді. 

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт тілейміз! Әрқашан табысты болыңыздар, сіздерге сәттілік серік, тәжірибе мен үлкен кәсібилік қосшы болсын!

Геолог күнімен, достар!

"Светланд-Ойл" ЖШС ұжымы