15 сәуір

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" Бас директорының Маңғыстау облысына сапары барысында айтылды, деп хабарлайды «SK News» "НК "АМТП"АҚ-ға сілтеме жасай отырып.

"ҚазТрансОйл" АҚ Бас директоры Талғат Құрманбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Ақтау портына барды. "АТСП "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Абай Түрікпенбаев қонақтарды порттың ағымдағы инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ оның өндірістік қуаттарын қайта құру және жаңғырту жөніндегі жақын арадағы жоспарлармен таныстырды. Қазір "Теңізшевройл" ЖШС және "Қазақтеңізкөлікфлоты "ҰТКҚК" ЖШС-мен бірлесіп №9 және 10 мұнай құю айлақтарын реконструкциялау жобасы пысықталуда, оны іске асыру Ақтау портының мұнайды ауыстырып тиеу бойынша мүмкіндіктерін жылына 12,5 млн тонна көрсеткішіне дейін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.