6 мамыр

Таңертеңнен бастап "Светланд-Ойл" ЖШС-нің ер адамдарын кеңсе табалдырығынан керемет тосынсыйлар күтті! Ұжымның сәнді әрі әдемі арулары (ретро стилінде) әріптестерін күлімсіреп қарсы алып, әрқайсысын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Жұмыс үстелінде әрқайсысын дәл 12.00-де және кешікпей келу туралы шақырту күтіп тұрды. Әрине, әскери комиссариатқа емес, дәстүрлі мерекелік дастарханға. Онвң үстіне барлығына естелік сыйлықтар берілді. Айта кету керек, іс-шараға дайындық қатаң құпияда жүргізілді, сондықтан тосынсый сәтті болды! Көңілдері толған ер азаматтар барлық қыздарға керемет құттықтаулары үшін шын жүректен алғыс айтты.