29 сәуір

2022 жылғы наурызда Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін 2 400 МВт-тан кем емес жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) іске қосу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында белгіленген қуаты 4,95 МВт "Үштөбе" күн электр станциясы (СЭС) пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

СЭС Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында орналасқан. Құрылыс жалпы ауданы 10 га жер учаскесінде жүргізілді, СЭС салу жобасын іске асырудың белсенді кезеңі 2021 жылғы маусымда басталды. Электр энергиясын желіге босатудың жоспарланған жылдық қуаты 7 млн. кВт*сағ. астам құрайды.

Всего активно производят энергию на станции 11 008 солнечных панелей, единичной мощностью 450 Вт и 86 стринговых инверторов.

Сондай – ақ, Қазақстанның "жасыл" экономикаға көшуі және "Қазақстан-2050 Стратегиясы" тұжырымдамасында елдің энергия балансындағы жаңартылатын энергия түрлерінің үлесін 2025 жылы 6% - ға, 2030 жылы 15% - ға және 2050 жылы 50% - ға (баламалы көздерді ескере отырып) жеткізу мақсаттары бекітілді.