1 маусым

Мұнай-газ саласына инвесторлар тарту мақсатында Үкімет бірқатар шаралар қабылдауда. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. href="https://www.inform.kz/ru/uluchshennyy-model-nyy-kontrakt-dlya-gazovyh-proektov-vnedryat-v-kazahstane_a3936779" title="МИА"Казинформ"."target="_self "> "ҚазАқпарат" ХАА.

" жер қойнауын геологиялық зерттеуге Келісім жобасы әзірленуде, онда жер қойнауын пайдаланушының учаскені одан әрі барлауға/өндіруге айрықша құқығы көзделген", – Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында хабарлады.

Ол жер қойнауын пайдаланушы көмірсутек шикізатының перспективалық ресурстарын тапқан жағдайда, жер қойнауын геологиялық зерттеу кезеңінен көмірсутегі шикізатын (мұнай/газ) барлау және өндіру кезеңіне кепілді өту мүмкіндігі берілетінін түсіндірді. Учаскені бөлу үшін негізгі критерий оның аумақтың геологиялық-физикалық зерттелу деңгейі төмен аз зерттелген шөгінді бассейндер шегінде орналасуы болып табылады. " бұдан басқа, жыл соңына дейін Жаңа теңіз жобалары, құрлықтағы күрделі жобалар және газ жобалары үшін жақсартылған модельдік келісімшартты енгізу жоспарланып отыр, онда реттеуші және фискалдық преференциялар да көзделетін болады. Бұл тәсілдер жаңа газ жобаларын іске асыру үшін инвесторларды тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", –деп түйіндеді Министрлер Кабинетінің басшысы.