10 мамыр
Бейсенбі, 9 маусымда Энергетика министрі Болат Ақшолақов, "Самұрық-Қазына" басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, "ҚазМұнайГаз" басқармасының төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Азиядағы бизнесті дамыту жөніндегі Вице-президент Total Егеп S. A. Антуан Гарэ мен TotalEnergies-тің Қазақстандағы Бас директоры Ахлем Фрига Ной қуаттылығы 1 ГВт болатын ірі ауқымды ЖЭК жобасын іске асыруға бағытталған қағидаттар туралы келісім жасасты, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің.
Қол қойылған құжат энергияны жинақтау жүйесін пайдалана отырып, жалпы қуаты 1ГВт жел электр станциясын дамытуға, қаржыландыруға, салуға және пайдалануға бағытталған.
Жамбыл облысындағы Мирный кентінің жанында жаңа жел электр станциясы салынады. Құрылысты кезең-кезеңмен жүргізу жоспарланып отыр және жоба 2024-2026 жылдар аралығында толық аяқталады деп күтілуде.
Энергетика министрлігінде атап өткендей, бұл жобаны іске асыру Қазақстанның "жасыл" экономикаға көшу тұжырымдамасымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, қосымша инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ республикада "жасыл" электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото