Корпоративті басқару

Басты бет » Компания туралы » Корпоративті басқару

Абілкарес Жеңіс Абілкаресұлы

• Бас директор

1986 жылы 10 мамырда Қазақ КСР Гурьев облысы Құлсары кентінде (қазіргі Қазақстан Республикасы Атырау облысы Құлсары қаласы) дүниеге келген. 2008 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылдан 2017 жылға дейін Атырау Мұнай және газ университетінде оқып, екінші жоғары білім – мұнай-газ ісі техникасы және технологиясы бакалавры дипломын алды.

"Светланд-Ойл" ЖШС-нде 2010 жылдан бастап мұнай және газ өндіру операторы, сатып алу бойынша маман, жетекші маман лауазымдарында жұмыс істейді.  

  • 2020 жылдың қараша айынан бастап -"Светланд-Ойл" ЖШС Бас директоры.
  • Атырау қалалық мәслихатының VII шақырылымының депутаты.
  • Nur-Otan Атырау облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі
  • ҚБТУ консультативтік кеңесінің мүшесі (Қазақстан-Британ техникалық университеті).

Кереев Мұхтар Болатұлы

• Бас директордың орынбасары

1983 жылы 3 наурызда Қазақ КСР Ақтөбе қаласында (Қазіргі Қазақстан Республикасы Ақтөбе қаласы) дүниеге келген. 2006 жылдан 2011 жылға дейін Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде оқып, мұнай-газ ісі бакалаврының академиялық дәрежесімен жоғары білім алды.

Almaty Management University-де "Іскерлік әкімшілік шебері" мамандығы бойынша МВА бағдарламасының екінші оқу жылының тыңдаушысы, 2022 жылдың шілде айында диплом алды.

Еңбек жолын 2005 жылы "МұнайФилдСервис" ЖШС бұрғышының көмекшісі болып бастады. Кейіннен бірқатар отандық мұнай компанияларында бұрғылаушы, мұнай және газ өндіру орталығының операторы, өндірістік-техникалық бөлімнің инженері болып жұмыс істеді.

"Светланд-Ойл" ЖШС-де 2019 жылдан бастап мұнай және газ өндіру операторы, инженер-механик, мұнай және газ өндіру департаменті директорының орынбасары, мұнай және газ өндіру департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.

  • 2022 жылдың қаңтар айынан бастап "Светланд-Ойл" ЖШС Бас директорының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары.
  • ҚБТУ инновациялық комитетінің мүшесі (Қазақстан-Британ техникалық университеті).

Семенюк Максим Александрович

• Бас директордың орынбасары

1984 жылы 16 қазанда Қазақ КСР Алматы қаласында (Қазіргі Қазақстан Республикасы Алматы қаласы) дүниеге келген. 2006 жылы Атырау Мұнай және газ институтын мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану жөніндегі тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылдан 2016 жылға дейін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс бакалавры академиялық дәрежесі бар екінші жоғары білім алды.

Еңбек жолын 2003 жылы "Адай Петролеум Компани" ЖШС орталық инженерлік-техникалық қызмет диспетчері болып бастаған. Кейіннен мұнай және газ өндіру операторы, кәсіпшілік бастығының орынбасары, "Потенциал-Ойл" ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, содан кейін бас инженері болып жұмыс істеді.

  • 2018 жылдан бастап "Светланд-Ойл" ЖШС мұнай және газ өндіру департаментінің директоры.
  • 2022 жылдың қаңтарынан "Светланд-Ойл" ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.

Өтінім қалдыру

Біз сізге 15 минут
ішінде хабарласамыз.

Осы бетті бөлісу

Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp