Компанияның жұмысы туралы пікірлер

Басты бет » Компания туралы » Компанияның жұмысы туралы пікірлер

«Үшқоңыр бұрғылау сервистік компаниясы» ЖШС

"Светланд-Ойл" компаниясы біздің Тапсырыс беруші болып табылады және ынтымақтастық аясында өзін кәсіби мамандары бар кәсіпорын ретінде көрсете білді. "Светланд-Ойл" ЖШС-мен жұмыс жасау өте тиімді, өйткені кәсіпорынның жұмыс бағыты нақты құрылған. Тапсырыс берушінің төлемді уақытылы жүргізуі әдептілік пен жауапкершілікті білдіреді. Сізге "Светланд-Ойл" ЖШС-ін сенімді серіктес ретінде ұсынамыз!

"Ембімұнайгаз" АҚ

"Ембімұнайгаз" АҚ (бұдан әрі – Қоғам) мен "Светланд-Ойл" ЖШС 30 жылдан астам уақыт бойы тауарлық мұнайды бірлесіп дайындау және "ҚазТрансОйл" АҚ жүйесіне тапсыру бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа ие. Осы кезеңде бұл компания өзін жауапты, белсенді және сенімді мұнай өндіруші ұйым ретінде көрсетті. "Светланд-Ойл" ЖШС-нің қызметкерлері өздеріне алған барлық міндеттемелерді тиімді орындайтын жоғары кәсіпқой маман екендіктерін көрсетті. Серіктестік өз жұмысында прогрессивті тәсілді қолданады және үдемелі дамуымен, бәсекеге қабілеттілігімен және серіктестермен тиімді іс-қимыл жасай білуімен ерекшеленеді. Қоғам сіздерге жұмыста үлкен табыстар тілейді және болашақта біздің жемісті серіктестігіміздің жалғасатынына сенімді.

«TimalConsultingGroup» ЖШС

Жеті жылдан астам уақыт серіктестік аясында "Светланд-Ойл" ЖШС өзін сенімді және білікті серіктес ретінде көрсете білді. Тапсырыс беруші ретінде "Светланд-Ойл" ЖШС талаптар мен міндеттерді нақты тұжырымдайды, туындаған сұрақтарға жедел жауап береді және орындалған жұмыстар үшін шоттарды уақытылы төлейді. Біз арамызда қалыптасқан серіктестік қарым-қатынастар ұзақ мерзімді, өзара тиімді және жемісті болады деп шын жүректен үміттенеміз.

«АкБерен» ЖШС КӘАҚ РОШ АФ

Өздеріңіз білетіндей, мұнай-газ ұңғымаларын пайдалану процесінде апаттар орын алуы ықтимал. Жер қойнауын пайдаланушы компания белгілі бір талаптарды сақтаған жағдайда штаттан тыс жағдайлардың алдын алуға болады. Бұл заманауи жабдықты, кәсіби персоналды, сондай-ақ жоғары ұйымдастырылған технологиялық процесті және қауіпсіздік техникасының мүлтіксіз сақталуын талап етеді. "Светланд-Ойл" компаниясы өз қызметінде барлық аталған аспектілерге толық сәйкес келеді. Осы серіктестіктегі өндірістік процесті нақты, үйлесімді ұйымдастыру бізге кен орнында сауатты және кәсіби қойылған жұмыс туралы нық сеніммен айтуға мүмкіндік береді, бұл оның жұмыс істеу қауіпсіздігіне кепілдік береді.

«ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СБК» ЖШС

"ҚазМұнайГаз-Бұрғылау" СПБ " ЖШС көптеген ұйымдармен тығыз жұмыс жасайды және "Светланд-Ойл" ЖШС қарым-қатынасымыз жолға қойған әрі өзін тұрақты, орнықты компания, іскер серіктес ретінде танытқан негізгі ұйымдардың бірі болып табылады. Біз сенімділікті, тұрақтылықты және серіктестік барысындағы міндеттерді шешуде батыл әрі өршіл мақсаттарға қол жеткізуге дайын екенін жоғары бағалаймыз. Біздің ынтымақтастығымыз кезінде қалыптасқан достық атмосфераны ерекше атап өтеміз. Жұмыста ашықтық пен сенімділік өте маңызды! Біз қалыптасқан іскерлік және достық қарым-қатынастардың сақталуына сенеміз, әрі қарай өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз және "Светланд-Ойл" ЖШС-не одан әрі гүлдену, амандық және нарықта позициялардың табысты сақталуын тілейміз.

«Мұнай ТехСервис Қазақстан» ЖШС

"Светланд-Ойл" ЖШС-мен ынтымақтастық кезеңінде біз оның сенімділігіне көз жеткіздік және ең нәтижелі қарым-қатынас орнаттық. Бұл компания ұжымының көп жылдық тәжірибесі бар және біз өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын өз ісінің кәсіпқойларымен серіктес болғанымыз үшін өте қуаныштымыз. "Светланд-Ойл" өндірістік процестер нақты ұйымдастырылған, мамандарының деңгейі жоғары, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді мүлтіксіз орындайды. Сіздің командаңызға табыс тілейміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

Өтінім қалдыру

Біз сізге 15 минут
ішінде хабарласамыз.

Осы бетті бөлісу

Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Кері қоңырауға тапсырыс беру

Нөміріңізді қалдырыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз.

Пікір жазу

Сіздің пікіріңізді білу біз үшін маңызды.