Әлеуметтік жауапкершілік

Басты бет » Компания туралы » Әлеуметтік жауапкершілік

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - компанияның табысты дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан қайырымдылық - "Светланд-Ойл" ЖШС-нің қалыптасқан игі дәстүрі. Жыл сайын біз ерекше қажеттіліктері бар балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және көмекке мұқтаж басқа да азаматтарға олардың жеке өтініштері бойынша демеушілік көмек көрсетеміз. Қайырымдылық қорларына да қаржы аударылады.

Сондай-ақ, өндірістен басқа компания қызметінің негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік мәселелерді шешуге және өңірдің инфрақұрылымын жақсартуға көмек көрсету болып табылады.

Мәселен, біз үшін мерейлі 2021 жылы Исатай ауданы Зинеден ауылындағы орталық саябақты қайта жөндеуге және балалар алаңын орнатуға, сондай-ақ Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы кентінің демалыс аймағын ретке келтіруге қатыстық. Дәл осы елді мекендерде "Светланд-Ойл" ЖШС қызметкерлері тұрады және біздің өндірістік нысандар орналасқан.

Өткен жылы компанияның көрсеткен қайырымдылық көмегі:

  • "Мүгедек балаларды қолдау қорына";
  • "Атырау облыстық мүгедектер қоғамы" ҚБ Балықшы аймақтық филиалына;
  • Атырау қалалық мүгедектер қоғамына;
  • "Ақ Жайық" қайырымдылық мекемесіне;
  • "Мерген" спорт клубы "ММА аралас жекпе-жек біріккен федерациясы" ҚБ;
  • Мақаш а/о әкімінің аппараты (ардагерлер кеңесінің бастамасы бойынша);
  • сондай-ақ, жекелей кезекте ерекше қажеттіліктері бар баланың ата-анасына.

Біздің қызметкерлеріміздің балаларын, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардан шыққан балаларды оқыту қаржыландырылды.  

Сонымен қатар, серіктестік облыста өтетін мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысады, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын марапаттау үшін қаражат бөледі, Атырау облысының басшылығына халықтың өмірін жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты көмек көрсетеді.  

Атырау облысындағы оң өзгерістерге қалалық мәслихаттың депутаты ретінде "Светланд-Ойл" бас директоры Абілкарес Жеңіс Абілкаресұлының өзі де өз үлесін қосуда.

"Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі" конкурсының қорытындысы бойынша серіктестіктің халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға қосқан үлесі "Парыз" дипломымен атап өтілді.

Өтінім қалдыру

Біз сізге 15 минут
ішінде хабарласамыз.

Осы бетті бөлісу

Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Кері қоңырауға тапсырыс беру

Нөміріңізді қалдырыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз.

Пікір жазу

Сіздің пікіріңізді білу біз үшін маңызды.