30 Наурыз
Маңғыстау облысында сұйытылған табиғи газды қайта өңдеу кешенін малайзиялық инвесторлар құруды жоспарлап отыр, Kazakh Invest хабарлайды.
Қазақстанның батысында газ өңдеу кешенін салу бойынша жобаны іске асыру кезеңдерін талқылау "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ-ның "Markmore Energy (Labuan) Limited" компаниясы және "CaspiOilGas"ЖШС басшылығымен кездесуі кезінде өтті.
"Markmore Energy (Labuan) Limited" компаниясының төрағасы және бас акционері Тан Сри Халим Саад Маңғыстау облысындағы ірі кен орындарының бірінің аумағында кәсіпорынды дамыту жоспарлары туралы айтып берді. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы 485 млн, АҚШ долларын құрайды, оның шамамен 285 млн, АҚШ доллары газ өңдеу зауытын салуға көзделген.
Малайзиялық инвесторлардың сапары аясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен және салалық министрліктердің басшылығымен бірқатар кездесулер ұйымдастырылды.
Иллюстрациялық фото © inbusiness.kz