6 мамыр
Өндірістік-техникалық бөлім (ӨТБ) кез келген кәсіпорында жетекші рөл атқарады. "Светланд-Ойл" ЖШС-де осындай бөлім бар, оның жетекшісі - Жантурин Нұржан Жалғасбайұлы.
ӨТБ қызметкерлері үшін саланың ерекшелігін жақсы білу маңызды, өйткені жобадағы немесе жұмыс өндірісіндегі кез-келген кішігірім қателіктің салдары бар. Бейінді жоғары білімі, кен орындарын жайластыру, мұнай өндіру/дайындау объектілерін салу кезінде жинаған тәжірибесі мол, мұнай мен газ өндіру жөніндегі шебер боп еңбек еткен Нұржан Жантөрин өзіне жүктелген міндеттерді сенімді және кәсіби тұрғыда атқарып келеді. ӨТБ-нің функционалдық міндеттері жетерлік! Бұл бөлімнің қажетті материалдары мен жабдықтарын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыру, ұңғымаларды ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеуге қатысу, кен орнында жұмыс істейтін кез келген техниканы, сондай-ақ жер үсті және жер асты жабдықтарын жұмыс жағдайында ұстау, тұрмыстық объектілерді күтіп ұстау, көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдерге дайындық және тағы басқалар.
"Біз кез келген маманның қолынан келе бермейтін істі жасаймыз. Басқалар үшін бұл тұтас ғылым болса, біз үшін – күнделікті жұмыс. Жұмысым маған өте ұнайды! - дейді бөлім басшысы. - Бұл ретте, біз үшін тек жауапкершілік емес, сонымен қатар бастамашылдық, біліктілікті арттыруға ұмтылу және жаңа білімге ұдайы құштарлық та маңызды рөл атқарады”.