3 мамыр
Дүниежүзілік банк 2024 жылға дейін жаһандық жеткізілім тізбегіндегі бұзушылықтар мен тұрақсыз геосаяси фонға байланысты шикізат құны жоғары деңгейде сақталатынын ЕСКЕРТЕДІ, деп хабарлайды "SK News"басылымы.
Сарапшылардың болжамы бойынша, Brent-тің 2022 жылғы орташа бағасы барреліне 100 долларды құрауы мүмкін. Бұл дегеніміз, жыл соңына дейін мұнай бағалары ағымдағы деңгейден әлдеқайда жоғары көтерілуі мүмкін, өйткені қазіргі уақытта баррель үшін орташа есеппен 91,4 доллар. Сонымен қатар, банк сарапшылары 2024 жылға дейін басқа энергия ресурстарына, сондай-ақ азық-түлікке бағаның өсуін күтуде. Геосаяси жағдайдың ағымдағы шиеленісуінен және жеткізу тізбегіндегі іркілістер түріндегі COVID-19 пандемиясының салдарынан басқа да факторлар мұнай бағасының жоғары болуына ықпал етеді.
Мәселен, Ресейге, Иранға, Венесуэлаға қарсы бұрын енгізілген санкциялар геологиялық барлауға инвестициялардың қысқаруына алып келді. ХХ ғасырдың екінші жартысында көп мөлшерде ашылған және пайдалануға берілген алып мұнай кен орындары (яғни, қоры 1 миллиард тонна және одан жоғары) бүгінде бұрынғы нәрсе болып табылады. Олардың көпшілігі (соның ішінде Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак) таусылуға жақын немесе оларда мұнай өндіру өте баяу қарқынмен жүргізілуде. Әзірге игерілмеген алып кен орындарының ішінен тек Венесуэла мен Канададағы өте тығыз мұнай кен орындары қалды, бірақ аталған елдердің біріншісі Батыс санкцияларында. Осылайша, әлемдік мұнай қорларының жеткілікті мөлшеріне қарамастан, геосаяси факторлардың әсерінен бірқатар ұңғымаларды игеру қиынға соғады. Соның салдарынан импорттаушылар мұнайды жоғары бағамен сатып алуға мәжбүр, бұл инфляцияның үдеуіне ықпал етеді және мұнай өнімдері мен басқа тауарларға, соның ішінде азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне әкеледі. Энергия ресурстарының тапшылығы ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.