25 мамыр
Еліміздің минералдық-шикізат кешені тәуелсіздік жылдарында әлемдік нарық талаптарына толықтай бейімделді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР БҒМ Геология комитетінің төрағасы Талғат Сәтиев мәлімдеді. Оның айтуынша, 4 мыңнан астам кен орны жер қойнауын пайдалануға беріліп, қазіргі таңда мемлекетке кіріс әкеліп, халықты жұмыспен қамтуда, деп хабарлайды SK News.
«Бұл факт елге инвестицияның келуіне әкелді. 1996 жылдан бері Қазақстанға тартылған 73 триллион теңгеге жуық қаржының 70 пайыздан астамы мұнай-газ секторына, яғни 52,2 триллион теңгеге, 27 пайызы тау-кен өнеркәсібіне, яғни 19,5 триллион теңгеге бағытталды. Ең көп инвестиция мұнай, полиметалл, мыс, алтын, темір, уран, көмір сияқты пайдалы қазбалардың басым түрлеріне бағытталған. Бұл ретте геологиялық барлауға салынған қаражаттың үлесі 4 триллион теңгеге жуықтайды», - деп атап өтті экодепартамент өкілі.
Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото