Өткен аптада ұжымымыз «Светланд-Ойл" ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Байдәулет Ерғазыұлы Ерғалиевті зейнет демалысына шығарып салды. Ол Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Махамбет ауданының тумасы, 1982 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1977 жылы Нижнеуральск суару жүйелері басқармасында бастады, сонымен қатар оқуын және жаңа білім алуын тоқтатпады. Ардагеріміз осылайша КСРО су шаруашылығы министрлігінің Бүкілодақтық басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының (1983 ж.) және Атырау Мұнай және газ институтының (2005 ж.) тағы екі дипломын алды. Әр жылдары Махамбет аудандық агроөнеркәсіптік бірлестігінің бас инженер-гидротехнигі, Гурьев облысы облыстық агроөнеркәсіптік комитетінің бөлім бастығы, Қазақстан Компартиясы Гурьев облыстық комитетінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің нұсқаушысы, КСРО-ның 60 жылдығы атындағы совхоздың директоры қызметтерін атқарған. Байдәулет аға 1991 жылы компанияның негізін қалаушылардың бірі және 29 жыл бойы өндірісті басқару мен ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша бас директордың оң қолы болды. Осы уақыт ішінде Байдәулет Ерғазыұлы өзінің кәсіби білімі мен өмірлік тәжірибесінің, қарым-қатынастағы эрудициясы мкн тектілігі арқасында үлкен және лайықты беделге, бүкіл ұжымның құрметіне ие болды. Біздің ардагеріміз 46 жыл үздіксіз және тынымсыз еңбек етті! Серіктестік қызметкерлері бұл салтанатты күнді ұмытылмас етуге тырысты: той ұйымдастырды, естелік сыйлықтар табыстады. Іс-шараға компанияның басқа ардагерлері де келді. Біз Байдәулет Ерғазыұлына зор денсаулық, мызғымас күш пен жігер тілейміз! Лайықты демалысқа шығуыңызбен! Ол қуанышқа толы, сонымен бірге жемісті және белсенді болсын, өйткені зейнеткерлік - бұл уақыт жетпеген нәрселермен айналысудың тамаша мүмкіндігі!
Осы уақыт ішінде Байдәулет Ерғазыұлы өзінің кәсіби білімі мен өмірлік тәжірибесінің, қарым-қатынастағы эрудициясы мкн тектілігі арқасында үлкен және лайықты беделге, бүкіл ұжымның құрметіне ие болды. Біздің ардагеріміз 46 жыл үздіксіз және тынымсыз еңбек етті! Серіктестік қызметкерлері бұл салтанатты күнді ұмытылмас етуге тырысты: той ұйымдастырды, естелік сыйлықтар табыстады. Іс-шараға компанияның басқа ардагерлері де келді. Біз Байдәулет Ерғазыұлына зор денсаулық, мызғымас күш пен жігер тілейміз! Лайықты демалысқа шығуыңызбен! Ол қуанышқа толы, сонымен бірге жемісті және белсенді болсын, өйткені зейнеткерлік - бұл уақыт жетпеген нәрселермен айналысудың тамаша мүмкіндігі!