20 сәуір
Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Каспий құбыр консорциумындағы (КҚК) апаттан келтірілген залалдың шамамен алынған сомасын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ол нақты залалды әлі есептеу мүмкін емес екенін атап өтті, өйткені бәрі ақаулықтарды жою мерзіміне және жаңа санкциялар шараларына байланысты болады.
"(Зиян. – Ескерт.) 100-150 миллиард теңге шамасында бағаланады. Егер тез жойылса, әрине, аз болады", - деді министр үкімет аясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
22 наурызда Қара теңіздегі қатты дауылдың салдарынан Қазақстан мұнайының барлық экспортының үштен екісінен астамын қамтамасыз ететін Каспий құбыр консорциумының (КҚК) құбыр жүйесі зардап шеккені белгілі болды, соның нәтижесінде Қазақстан мұнайының экспортына қауіп төнді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Интерфакс-Қазақстан" Ресейге қарсы санкциялардан Қазақстан экономикасына келтірілген залал, Каспий құбыр консорциумы терминалдарының зақымдануы, сондай-ақ Украинадағы жағдай 300 млрд теңгеге жетуі мүмкін деп хабарлаған болатын.«Антироссийские санкции косвенно повлияют на экономику Казахстана. Общая сумма потерь бюджета в связи с введением санкций в отношении РФ, повреждением нефтеналивных терминалов КТК и ситуацией в Украине могут достигать порядка 300 млрд тенге», "Интерфакс-Қазақстан" сауалына жауап ретінде ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады