Petromining қауымдастығының алаңында ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов мұнай өндіруші мекемелермен кездесті. Күн тәртібінде әділ нарық және оны мұнай мен мұнай өнімдері бөлігінде реттеу мәселелері талқыланды. Аталған жиынға компанияның бас директоры Жеңіс Абілкарес те қатысты.
2023 жылы Қазақстанның тәуелсіз мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші кәсіпорындары жаңа мамандандырылған PetroMining бірлестігін құрды. “Светланд Ойл” компаниясы – осы қауымдастықтың толыққанды мүшесі.
«PetroMining қауымдастығы жер қойнауын тәуелсіз пайдаланушылардың, алғашқы кезекте мұнай өндіруші компаниялар мен мұнай өңдеушілердің мүддесін қорғап, қолдау көрсетеді.
Былтыр тамыз айында өткен «PetroMining» қауымдастығының бірінші съезінен кейін Үкіметке проблемалық мәселелер мен ұсыныстар тізбегі жолданды. Осы жолы ұйымдастырылған ашық алаңда көтерілген өзекті мәселелер Энергетика министрлігінің назарына берілді.