7 маусым
Хабарланғандай ҚР Энергетика министрлігінің сайтында ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің бейнеконференция форматындағы министрлік отырысы өтті.
Қазақстанның атынан ОПЕК+ қатысушы елдерінің отырысына Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты. Кездесуге қатысушылар сәуір айында тараптардың келісім бойынша міндеттемелерін орындауын талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін Шілдеде тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру туралы, сондай-ақ артық өндірісті өтеу мерзімін ағымдағы жылдың желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Қазақстанның шілде айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,68 млн баррельді құрайды.
Бұған дейін Сауд Арабиясы мұнай өндіруді ұлғайту шартын атады. Ол одақтастарға Ресейде шикізат өндірісі Санкциялар әсерінен айтарлықтай төмендеген жағдайда ғана мұнай өндіруді арттыратынын ескертті.
Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото