6 сәуір
Бүгін біздің қаламызда ірі салалық іс-шара "Atyrau Oil & Gas" Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды.
Бұл көрме 19-шы рет өткізіліп отыр және жұмыс барысында мұнай мен газ өндіру саласында, сондай-ақ мұнай-газ жабдықтарын өндіру және инфрақұрылымды дамыту саласында келіссөздер жүргізу, жаңа серіктестік жобаларды іздеу үшін тиімді алаң ретінде өзін танытты.
"Atyrau Oil & Gas" мұнай-газ индустриясының кәсіпқойларын біріктіреді, саладағы үрдістерді қадағалауға көмектеседі және соңғы инновациялармен таныстырады, сату көлемін ұлғайтуға ықпал етеді және өткізу географиясын кеңейтеді.
Жыл сайын оған қатысушылардың саны артып келеді. Биыл Атырауға Әзірбайжан, Белоруссия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қытай, Малайзия, Ресей, Түркия компанияларының, сондай-ақ бірқатар жетекші отандық кәсіпорындардың өкілдері келді. Бұл өндіруші мұнай-газ компаниялары, мұнай-газ жабдықтарын өндірушілер, мұнай сервистік компаниялар және басқалар.
"Atyrau Oil & Gas" көрмесіне компанияның танымалдығын арттыру және әлеуетті серіктестерді тарту мақсатында "Светланд-Ойл" ЖШС де қатысты.
Көрме павильонының көрнекті жерінде "Светланд-Ойл" ЖШС жаңа логотипі бейнеленген, компанияның ресми сайты, оның тарихы мен ағымдағы қызметі туралы, бізді қызықтыратын жобалар туралы толық ақпарат, сондай-ақ QR-коды бар полиграфиялық өнімдердің стенді орнатылған.
"Atyrau Oil & Gas" көрмесі 8 сәуірге дейін жалғасады