"Светланд-Ойл" компаниясының басты байлығы – оның ұжымы. Қазір ұжымда 60 адам бар және олардың барлығы Атырау облысының тұрғындары.
Қызметкерлерге көрсетілген қамқорлық, материалдық ынталандыру және қолдау кәсіпорын өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады, онда олар үшін еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және санитарлық нормалар талаптарына толық жауап беретін барлық өндірістік және тұрмыстық жағдайлар жасалған.
Біздің қызметкерлердің орташа жасы - 42 жас. Серіктестік қызметінің 19 қызметкері зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметті демалысқа шықты. Олардың жартысы Атырау облысында тұрады және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысып, байланысты үзбейді.
Біз қабылдаған шешімдердің тиімділігін 30 жыл ішінде компанияда жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкерді жұмыстан шығарудың бірде-бір жағдайы болмағанымен және кадрлардың ауыспайтынымен дәлелдеуге болады. Қызметкерлердің жалпы санының 18%-ы 20 жылдан астам, 12%–ы – 15 жылдан астам, 35%-ы 10 жылдан астам және 35%-ы10 жылға дейін еңбек етуде. Бұл сандар ертеңгі күнге деген сенімді, өз ісін шынайы сүйетіндерін және ұйымшыл командамыздың барлық мүшелерінің дәстүрге беріктігін көрсетеді.
Кәсіпорын қызметкерлерінің жоғары кәсіби білімдері бар әрі үнемі шығармашылық белсенділік бастамаларға қолдау көрсетуге әзір.
Серіктестік әрқашан өз қызметкерлерінің жаңа білім, білік және дағды алуға ұмтылысын қолдайды. Еңбекті ұйымдастыру және персоналды дамыту тиімділігін арттыру мақсатында компанияда мамандарды аралас мамандықтарға оқыту, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізіледі, оған жыл сайын қомақты қаражат бөлінеді.
Кәсіпорынның кадрлық саясаты басшылықтың өндірістік және басқару саясатымен тығыз байланысты және персоналды басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл жердегі нақты шаралар:
- кадрлық жоспарлау;
- қызметкерлерді ұйымдастыру, іріктеу және орналастыру:
- кадрлық резервті қалыптастыру;
- еңбекті ұйымдастыру:
- қызметкерлердің іскерлік және кәсіби қасиеттерін бағалау;
- қызметкерлерді ынталандыру;
- қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру.